Олданбалы химия кафедрасы. Бейорганикалық қосылыстардың кластары

Зертханалық жұмыс

Бейорганикалық қосылыстардың кластары

Жұмыстың мақсаты

Бейорганикалық қосылыстардың

негiзгi кластары,

оларды алу жолдары,

химиялық қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мазмұны:

а) қышқылдық оксидтер мен негiздiк

оксидтердiң сумен әрекеттесуі;

б) ерiмейтiн гидроксидтердi алу жолдары;

в) гидроксидтердiң берiктiгi;

г) орта тұздарды алу;

д) негiздiк тұздарды алу;

е) амфотерлiк гидроксидтердi зерттеу.

Техникалық қауіпсіздік:

химиялық реактивтермен жұмыс істегенде өте сақ болу қажет.

Қажетті қондырғылар мен реактивтер:

а) жанарғы;

б) тұздардың, қышқылдардың, негіздердің ерітінділері;

в) фенолфталеин, оксидтер.

Жұмыстың теориялық негізі

Оксидтер дегеніміз екі элементтен тұратын, біреуі міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.

Оксидтер үш топқа жіктеледі; негіздік, қышқылдық және амфотерлі.

Негіздік оксидтерге К2О, СаО, ВаО, СuО т.б. қышқылдық оксидтерге: СО2, SО3, Р2О5, СІ2О7 т.б. амфотерлі оксидтерге АІ2О3, ВеО, Сr2О3 т.б. жатады.

Негіздер дегеніміз бір немесе бірнеше гидроксил тобымен байланысқан металл атомдарынан тұратын күрделі заттар. Мысалы: NaOH, КОН, Са(ОН)2 және т.б.

Қышқылдар дегеніміз сутегі атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Мысалы: НСІ, HNO3, H2SO4, H3PO4.

Тұздар дегеніміз металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар. Олар орта, қышқылдық, негіздік және қос тұздар болып жіктеледі.

Қалыпты немесе орта тұздарға: NaCl, FeCl3, CaCl2, KNO3.

Қышқылдық тұздарға:NaHCO3, Ca(HCO3)2, KHSO4.

Негіздік тұздарға: CuOHCl, CuOHNO3, AlOHCl2 ;

олданбалы химия кафедрасы

Жұмыстың барысы

1- тәжiрибе: Металл оксидтерi мен бейметалл оксидтерінiң сумен әрекеттесу реакциясы.

а) Екi пробиркаға 2-3 мл дистилленген суды құйыңыз және бiреуiне СаО, екiншiсiне ВаО кiшкентай шпательмен оксидтерiн салыңыз.

Әрбiр пробиркаға 1-2 тамшы фенолфталеин тамызып, негiздер түзiлгенiн анықтаңыз. Реакциялар теңдеуiн жазыңыз.



б) Пробиркаға 2-3 мл дистильденген су құйып, оған Кипп аппаратынан көміртек диоксидін жіберіңіздер. Химиялық теңдеулерді молекулалық, иондық түрде өрнектеңдер.

2-тәжiрибе: Нашар еритiн мыс, никель және темiр гидроксидтерiн алу

Үш пробиркаға 2-3 мл: 1-не мыс, 2-не никель, 3- не темiр (III) тұзының ерiтiндiлерiн құйыңыз.

Әрбiр пробиркаға натрий гидроксидiнің 2н ерітіндісін тұнба түзiлгенше қосыңыз. Орындалған реакцияның теңдеулерін жазыңыз. Түзiлген тұнбаның түсiн жазып көрсетiңiз.

Тұнбаларды сақтаңыз!

3-тәжiрибе: Гидроксидтердiң берiктiгi

2-шi тәжiрибе бойынша алынған мыс, никель, темiр гидроксидтерiнiң тұнбаларын абайлап қайнағанша қыздыру керек. Қай гидроксид түсiн өзгерттi, себебi не, қай гидроксид ыдырады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

Тұнбаларды сақтаңыз!

4-тәжiрибе: Мыстың (ІІ), никельдің (ІІ) және темiрдің (III) орта тұздарын алу

3-шi тәжiрибе бойынша алынған гидроксидтер тұнбаларына азот қышқылын қосыңыз. Тиiстi реакциялардың теңдеулерiн жазыңыз.

5-тәжірибе. Мыс пен кобальттың негiздiк тұздарын алу

а) Екi пробиркаға 2-3 мл-ден мыс сульфатының ерiтiндiсiн құйыңыз. 1- ші пробиркаға көк тұнба түзiлгенше 2-3 мл натрий гидроксидiн (С(NaOH)=2моль/л) қосыңыз. 2-ші пробиркаға натрий гидроксидiн (С(NaOH)=0,5моль/л) тамшылатып аспан түстi көк тұнба түзiлгенше қосыңыз (әрбiр тамшыдан соң араластыру керек). Екi пробиркадағы тұнбаны абайлап қайнағанша қыздыру керек.

Неге бiрiншi пробиркадағы тұнба қараяды, ал екiншiсiндегi тұнба өзгермейдi, соған түсiнiк берiңiз және тиiстi реакциялардың теңдеулерiн жазыңыз.



б) Кобальт хлоридiнің (II) ерiтiндiсiне тамшылап натрий гидроксидiн (С(NaOH)=0,5моль/л) тұнба түзiлгенше қосыңыз (әрбiр тамшыдан соң араластырып отыру керек).

Тұнбаның түсi қандай? Осы тұнбаны ерітіндісімен бірге екi пробиркаға тең бөлiңiз.

Бiреуiне натрий гидроксидiнiң тең көлемiн құйып содан кейiн қыздырыңыз. Басқасына тұз қышқылының ерiтiндiсiн тұнба толық ерiгенше қосыңыз. Тиiстi реакциялардың теңдеулерiн жазыңыз.


0776424351673267.html
0776455198297081.html
    PR.RU™